Алматыда тағы бір көше қыркүйек айына дейін жабылады

Фото: Виктор Федюнин/ Kazinform

АЛМАТЫ. KAZINFORM — Алматыда қыркүйек айына дейін Тоқтабаев көше жылу желілерін қалпына келтіру үшін жабылады.

6 шілде мен 15 қыркүйек аралығында Алматы қаласының Әуезов ауданындағы Тоқтабаев көшесі Семятов көшесінен Тургенев көшесі арқылы Черепанов көшесіне дейін автокөлік қозғалысы шектеледі.

Көрсетілген учаскедегі қозғалыс екі бағытта да жабылады.

Фото: Алматы қаласының әкімдігі

«1990 жылдан бастап пайдалануға берілген жалпы ұзындығы 810 метрлік құбырды ауыстыру кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін жабылады»,- деп хабарлады «Алматы жылу желілері» ЖШС.

Алматыда биыл ұзындығы 250 км болатын 274 көше орташа жөндеуден өтеді, осылайша 92%-ға дейін жолдың үлесін жақсы және қанағаттанарлық жағдайда жеткізу жоспарланған.