Алматы әкімдігі мәліметінше, Төле би көшесін қала шекарасына дейін ұзарту жұмыстары аясында Әшімов көшесінің Құлыбеков көшесінен Машан көшесіне дейінгі жол бөлігі жабылады. Шектеу 26 тамыз бен 1 қыркүйек аралығында күн сайын сағат 00:00–ден 05:00–ге дейін енгізіледі.
— Жұмыс түнгі уақытта жүргізіледі. Күндіз жол көлік қозғалысы үшін ашық болады. Жол жүру бағытын алдын ала жоспарлауды сұраймыз, — деп хабарлады әкімдіктен.
Одан бөлек LRT құрылысына байланысты Төле би көшесінің Байтұрсынов көшесінен Масанчи көшесіне дейінгі аралығы 25 тамыз сағат 23:00–ден 26 тамыз 6:00–ге дейін жабылады.
Еске салайық, бұған дейін орташа жөндеу жұмыстарына байланысты 1 қыркүйекке дейін Абай даңғылыынң Саин көшесінен Момышұлы көшесіне дейінгі аралығында көлік қозғалысы ішінара шектелетінін жазғанбыз.