Алматыда тағы бір көше уақытша ішінара жабылады

Фото: gov.kz

АЛМАТЫ. KAZINFORM – Алматыда Манас көшесінің бір учаскесіне орташа жөндеу жүргізуге байланысты көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі. 

27 шілде сағат 23:00-ден 29 шілде таңғы сағат 07:00-ге дейін Абай даңғылынаң Жамбыл көшесіне дейінгі учаскеде қозғалыс жабылады.

«Уақытша шектеулер мұндағы көлік жүретін жолдың астындағы магистральдық жылу жүйелерін жоспарлы жөндеуге байланысты енгізіліп жатыр», - деп хабарлады «Алматы жылу желілері» ЖШС-нен.

Жөнделетін учаскеде ескерту белгілері, мердігер ұйым басшысының байланыс ақпараты жазылған стендтер қойылады. 

Компания келтірілген қолайсыздық үшін алматылықтардан кешірім сұрайды. Сонымен қатар жүргізушілерге жол жүру бағытын алдын ала жоспарлауға кеңес береді.