Сот шешімімен Бұрындай көшесі 91/10 мекенжайында орналасқан көлік жуу орны сүрілді.
«Бұған дейін қала құрылысын бақылау басқармасы жер телімін жалға алған жеке тұлғаға бұзушылықтарды жоюға нұсқама беріп, әкімшілік жауапкершілікке тартқан болатын. Кейін сотқа заңсыз тұрғызылған нысанды бұзуға талап арыз түсірді», - деп атап өтті басқармадан.
Былтыр мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының шешімімен нысан заңсыз деп танылып, талап-арыздар қанағаттандырылды.
Нысанды бүгін жалға алушы азамат Әділет департаментінің сот орындаушыларының көмегімен өз бетінше бұзды.
Осыған дейін сот шешімімен Қалқаман шағынауданы Төле би көшесі 308/54 мекенжайында орналасқан көлік жуу орны және Алматыда заңсыз салынған дәмхана мен сауда алаңдары бұзылғанын жазған болатынбыз.