Ведомствоның мәліметінше, жоспардан тыс тексеру барысында меншік иесінің нысанды рұқсатсыз салғаны анықталды.
— Меншік иесіне қатысты әкімшілік шаралар қабылданып, анықталған заң бұзушылықтарды жою туралы нұсқама берілді. Кейін материалдар сотқа жолданды, — делінген хабарламада.
Мамандандырылған ауданаралық әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі соттың қаулысына сәйкес, бұл қосалқы құрылысты бұзу керек.
Бүгін, 2026 жылғы 17 шілдеде қалалық әділет департаменті сот орындаушыларының қатысуымен нысанды бұзу жұмыстары басталды.
Еске салайық, бұған дейін Алматыда заңсыз салынған «Береке» базары бұзылғанын хабарлағанбыз.