Алматыда талапкерлер ҰБТ тапсыра алмай, тестілеу басқа күнге ауысты

АЛМАТЫ. KAZINFORM — Ұлттық тестілеу орталығы түлектерге хабарландыру жасады.

Фото: Ғылым және жоғары білім министрлігі

«Бүгін, 2024 жылғы 19 маусымда UStudy серіктестің тарапынан техникалық ақау пайда болуына байланысты Алматы қаласында өтетін ҰБТ басқа күнге ауыстырылады. Нақты айтқанда, бірінші лек — 23 маусымның екінші легіне, бүгінгі екінші лек — 30 маусымның  екінші легіне ауыстырылады. Туындаған келеңсіздік үшін кешірім сұраймыз және түсіністікпен қарайсыздар деп үміттенеміз» делінген ҰТО таратқан хабарламада.

Айта кетейік, бүгін бірқатар алматылық талапкерлер ҰБТ тапсыра алмаған болатын.