Алматы әкімдігі дәмханалардан шығатын түтін мәселесін қалай реттемек

Фото: Алматы әкімдігі

АЛМАТЫ. KAZINFORM –Түрксіб ауданының тұрғындарымен кездесуде Алматы әкімі Ерболат Досаев жұмыс істеп жатқан кафелерден шыққан түтінге қатысты мәселе қалай шешілетінін жеткізді.

Ерболат Досаев биыл қала әкімдігінің бастамасымен экологиялық кодекске және Алматының ерекше мәртебесі туралы Заңға өзгерістер енгізілгенін атап өтті.

Енді қала мәслихатына Алматыда атмосфералық ауаны қорғау жөніндегі қағидаларды қабылдау бойынша құзыреттер берілді, онда ауаны тазарту деңгейі жоғары және пайдаланылатын отынның зиянды заттарын ұстап қалатын гидрофильтрлерді мангалдарға орнату қажеттілігі бойынша нақты талаптар жазылатын болады.

Фото: Алматы әкімдігі

 

«Мен уәде еткенімдей, біз заңды түрде жұмыс істедік. Енді мәслихатпен бірлесіп, біз қажетті шешім қабылдасақ, бұл ережелер бекітілетін болады. Олар Алматы аумағында міндетті болады, бірақ кәсіпкерлік кодекске қатысты бір мәселе бар. Біз бір жағынан заңмен қатаң қорғалатын кәсіпкерлік қызметті шектемеу және кәсіпкерлер тек экологиямен ғана емес, сонымен қатар санитарлық-эпидемиологиялық қадағалаумен де байланысты барлық қажетті талаптарды сақтаулары үшін жұмыс істеуге тырысамыз, өйткені бұл қала тұрғындарының денсаулығына әсер етеді», - деп атап өтті әкім.

Осыған дейін Алматы мектептеріне 200 психолог жетпейтіні туралы жаздық.