Алматыда тауықтың сан етіне бекітілген баға қойылды

Фото: ru.freepik.com

АСТАНА. KAZINFORM — ӘКК «Алматы» мен «Алатау-құс» компаниясы 358,8 тонна сан етін 30 фирмалық дүкенге 1650 тг/кг бағамен жеткізеді. Тұрақтандыру мерзімі — 24 ай. Бұған дейінгі келісім негізінде тауықтың сан еті мен жамбасы 1100 теңгеден сатылып келеді. Бұл туралы Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады. 

— Сондай-ақ, «Алматы» ӘКК» 4 500 тонна қант сатып алды. Өнім ірі сауда желілерінде өндіруші бекіткен келісіне 405 теңгеден, 10%-дан аспайтын үстемақымен сатылады. Тұрақтандыру келесі жылдың қарашасына дейін жалғасады: Сонымен қатар, Magnum-мен 11 әлеуметтік тауар бағасын тұрақтандыру туралы келісім бар. Мерзімі — 2026 жылдың наурызы, — делінген хабарламада.

Жұмыртқа бойынша «Сары-Бұлақ» компаниясымен бірінші санаттағы 86,4 млн дана жұмыртқа өндіру және өткізу жөніндегі шарт іске асырылып отыр. Өндіруші белгілеген бағасы — 51 тг/дана, ал үстемақы 15%-дан аспауға тиіс. Өнім ірі желілерге, «Алатау-құс» және шағын дүкендерге жеткізіледі.
Демалыс күндері қалада ауыл шаруашылығы жәрмеңкелері өтіп, өнімдер нарықтан 15–20% арзан сатылады.

Айта кетелік Павлодарда бірнеше дүкен күріш бағасын өсіріп сатқан