Жәрмеңкеде Хатлон облысынан жаңа піскен жемістер, кептірілген жемістер, көкөністер, қарбыз, қауын және басқа да өнімдер қойылады. Консерві зауыттары мен ұлттық тәттілерді (қант, науат, халва, күлше) өндірушілер де қатысып, өз өнімдерін ұсынады.
Еске сала кетейік, 2025 жылғы 16-17 тамызда Астана қаласында Тәжікстан Республикасының президенті Эмомали Рахмонның тапсырмасы бойынша Тәжікстан Республикасының ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп өнімдері, халық қолөнері және ұлттық тағамдарының көрмесі өткен болатын. Жәрмеңкеге Соғды облысының қалалары мен аудандарының шаруа қожалықтары, қолөнершілер мен өнеркәсіп кәсіпорындары өндірген 1000 тоннадан астам өнім шығарылды.