Алматыда тексерілген әр төртінші көлік экологиялық нормаға сәйкес келмейді

АЛМАТЫ. KAZINFORM — Алматыда автокөліктерден шығатын зиянды қалдықтарды бақылау жұмыс жүріп жатыр.

Фото: Алматы әкімдігі

Eco Almaty компаниясының мәліметінше, 2026 жылдың басынан бері жүргізілген мониторинг барысында 5 496 автокөлік тексерілген.

Фото: Алматы әкімдігі

Оның 1 301-і, яғни тексерілген әр төртінші көліктен пайдаланылған газдар құрамындағы зиянды заттардың белгіленген нормативтерден асып кеткені анықталған.

— Анықталған заң бұзушылықтар бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылды. Алматыда автокөлік шығарындыларын бақылаудың негізгі мақсаты — белгіленген экологиялық талаптарға сәйкес келмейтін көліктерді анықтау, — деп хабарлады Eco Almaty өкілдері.

Фото: Алматы әкімдіг

Еске салайық, бұған дейін Алматыда ЖЭО-2 қашан газға көшетінін жазғанбыз.