Алматыда терроризмді насихаттады деп айыпталған екі шетелдік қолға түсті

Фото: Фото: ҰҚК

АЛМАТЫ. KAZINFORM — Ұлттық қауіпсіздік комитеті терроризмді насихаттады деп айыпталған күдіктілерді ұстады.  

Фото: ҰҚК

28 мамырда ҰҚК прокуратураның үйлестіруі және Алматы қаласы полициясының көмегімен терроризмді насихаттады деген күдікпен 2 шетел азаматын ұстады. 

Фото: ҰҚК

Тергеу мәліметі бойынша олар бұрын ұзақ уақыт шетелде өмір сүріп, радикалды діни идеологияға тартылған. 

Фото: ҰҚК

Қазақстанға биыл келген, тұрақты жұмысы жоқ. 

Қылмыстық кодекстің 256-бабының 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. 

Фото: ҰҚК

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жарияланбайды.