Бұған дейін БАҚ-та бұл жанжал халықаралық турнир кезінде болды деген ақпарат тараған. Алайда қалалық полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ойынның қалалық ауқымда болғанын нақтылады.
— Әрбір қатысушының іс-әрекетіне құқықтық баға берілді. Ұсақ бұзақылық дерегі бойынша бірнеше адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Қазіргі уақытта жанжалға қатысқан азаматтардың ел аумағынан шығару мәселесі қарастырылып жатыр, — деді ол.
Еске салайық, былтыр Алматыда жанжал шығарған 6 үндістандық студент депортацияланды.