Алматыда тоғыз автобустың қозғалыс сызбасы уақытша өзгереді

АЛМАТЫ. KAZINFORM — Алматыда жол жөндеу және құрылыс жұмыстарына байланысты тоғыз автобус маршрутының қозғалыс сызбасы уақытша өзгереді.

Фото: Александр Павский/ Kazinform

Жаңартылған маршруттар 15 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі.

Бекешев көшесінде (Әбділдин көшесінен Абай даңғылына дейінгі аймақта) «Алматы қаласының батыс кәріз коллекторын салу» нысаны бойынша құрылыс-монтаж жұмыстарының жүргізілуіне байланысты 15 шілдеден бастап № 14, № 22, № 26 және № 44 автобус бағыттарының қозғалыс сызбасы уақытша өзгереді:

№ 14
Оңтүстік бағытта — Абай даңғылы — Мамыр көшесі — Медеубеков көшесі — Төлебеков көшесі — Жандосов көшесі — Бекешев көшесі — Әбділдин көшесі — әрі қарай сызба бойынша.
Кері бағытта — Әбділдин көшесі — Бекешев көшесі — Жандосов көшесі — Төлебеков көшесі — Медеубеков көшесі — әрі қарай сызба бойынша.

№ 22
Оңтүстік бағытта — Медеубеков көшесі — Төлебеков көшесі — Жандосов көшесі — әрі қарай сызба бойынша.
Кері бағытта — Жандосов көшесі — Төлебеков көшесі — Медеубеков көшесі — әрі қарай сызба бойынша.

№ 26
Оңтүстік бағытта — Алатау даңғылы — Абай даңғылы — Мамыр көшесі — Медеубеков көшесі — Төлебеков көшесі — Жандосов көшесі — әрі қарай сызба бойынша.
Кері бағытта — Жандосов көшесі — Төлебеков көшесі — Медеубеков көшесі — Мамыр көшесі — Абай даңғылы — Алатау даңғылы — әрі қарай сызба бойынша.

№ 44
Оңтүстік бағытта — Медеубеков көшесі — Төлебеков көшесі — Жандосов көшесі — Бекешев көшесі — Әбділдин көшесі — әрі қарай сызба бойынша.
Кері бағытта — Әбділдин көшесі — Бекешев көшесі — Жандосов көшесі — Төлебеков көшесі — Медеубеков көшесі — әрі қарай сызба бойынша.

Сонымен бірге Төле би көшесін ұзарту жобасы аясында жүргізіліп жатқан құрылыс-монтаж жұмыстарына және Әшімов көшесінен Алатау көшесіне дейінгі аймақта қозғалысқа уақытша шектеулер енгізілуіне байланысты 15 шілдеден бастап № 15, № 27, № 76 және № 118 автобус бағыттарының қозғалыс сызбасы уақытша өзгертіледі:

№ 15
Солтүстік бағытта — Әшімов көшесі — Райымбек даңғылы (кері бұрылу) — Райымбек даңғылы — әрі қарай сызба бойынша.
Кері бағытта — Райымбек даңғылы — Әшімов көшесі — әрі қарай сызба бойынша.

№ 27
Солтүстік бағытта — Алатау даңғылы — Сәбденов көшесі — Әшімов көшесі — әрі қарай сызба бойынша.
Кері бағытта — Әшімов көшесі — Сәбденов көшесі — Алатау даңғылы (кері бұрылу) — Алатау даңғылы — әрі қарай сызба бойынша.

№ 76
Шығыс бағытта — Алтын Орда көшесі — Алатау даңғылы — Сәбденов көшесі — Әшімов көшесі — әрі қарай сызба бойынша.
Кері бағытта — Әшімов көшесі — Сәбденов көшесі — Алатау даңғылы (кері бұрылу) — Алатау даңғылы — Алтын Орда көшесі — әрі қарай сызба бойынша.

№ 118
Батыс бағытта — Әшімов көшесі — Сәбденов көшесі — Алатау даңғылы (кері бұрылу) — Алатау даңғылы — Абай даңғылы — әрі қарай сызба бойынша.
Кері бағытта — Алатау даңғылы — Сәбденов көшесі — Әшімов көшесі — әрі қарай сызба бойынша.

Сондай-ақ Алма-Арасан шағын ауданында жол жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне және «Алма-Арасан кенті» бақылау пунктіне дейінгі жол аймағы уақытша жабылуына байланысты 15 шілдеден бастап жөндеу жұмыстары аяқталғанға дейін № 211 автобус бағыттың соңғы аялдамасы уақытша «Талап бойынша» аялдамасына ауыстырылады.

Еске салайық, бұған дейін Алматыда Төле би көшесінің бір бөлігі уақытша жабылатынын хабарлағанбыз.