Алматыда Төле би көшесін ұзарту үшін 270 жер телімінің 211-і сатып алынды
АЛМАТЫ. KAZINFORM — Алматының Наурызбай ауданы көлік инфрақұрылымын жаңғыртып жатыр.
Наурызбай ауданы әкімі Назира Тоғызбаеваның айтуынша, ауданда басқа қалалық және облыстық аймақтармен көлік байланысын жақсарту үшін үлкен жолдар салуды қолға алынған.
Атап айтқанда, қазіргі уақытта Төле би мен Жұбанов көшелерін ұзарту үшін жер учаскелерін сатып алу жұмысы жүріп жатыр. Төле би даңғылында 270 учаскеден 211-і сатып алынған. Қалған учаскелер 2025 жылға дейін сатып алынып, барлық құрылыс-монтаждау жұмыстары аяқталады. Бұл жобаны іске асыру үшін 19,2 миллиард теңге бөлінген.
Ал Жұбанов көшесінде 346 учаскенің 75-і сатып алынған, қалғанында бағалау жұмыстар жүріп жатыр. Бұл жобаға 13,1 млрд теңге бөлінді, оны аяқтау 2026 жылдың қараша айына жоспарланған.
Одан бөлек Назира Тоғызбаева былтыр ауданда 21 көшенің 15 шақырым жолын орташа жөндеуге 1,1 млрд теңге жұмсалғанын атап өтті. 2025 жылы тағы 35 көшеде 47 шақырым жол жаңартылады, ол үшін 3,2 млрд теңге бөлінді.
Еске салайық, бұған дейін Абай даңғылын Үлкен Алматы айналма автомобиль жолына дейін ұзарту қандай сатыда екенін жазғанбыз.