АЛМАТЫ. KAZINFORM — Алматыда Төле би көшесінің бір бөлігінде орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуіне байланысты көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі.
Алматы әкімдігі таратқан мәліметке сәйкес, 15 тамыздан 18 тамызға дейін қатарынан үш түн бойы, сағат 22:00–ден 6:00–ге дейін, Қайырбеков көшесінен бастап Шығыс айналмалы автожолына дейінгі аумақта көлік қозғалысы тоқтатылады.
— Жөндеу жүріп жатқан аумақта ескерту белгілері мен мердігер ұйым басшысының байланыс ақпараты көрсетілген ақпараттық тақталар орнатылады. Маршрутыңызды алдын ала жоспарлауды сұраймыз, — делінген хабарламада.
Еске салайық, бұған дейін Алматыда бірнеше көше бір аптаға уақытша жабылатынын хабарлаған едік.
Мейірман Лес
Еуразия ұлттық және Қазақ ұлттық университеттерін бітірген. Республикалық "Ұлан" газетінде, Baribar.kz, Holanews.kz, Zakon.kz, Tengrinews.kz, Massaget.kz, Ulysmedia.kz порталдарында журналист, продюсер, шығарушы/шеф/бас редактор қызметтерін атқарған. 2025-2026 жылдары Kazinform агенттігінің Алматыдағы меншікті тілшісі болып еңбек етті, қазір қазақ редакциясының шығарушы редакторы.