Алматыда Төле би көшесінің бір бөлігі жабылады

Фото: wikipedia

АЛМАТЫ. KAZINFORM — Алматыда 1 наурыз күні Төле би көшесінің бойында орналасқан «Астана» алаңы жабылады.

Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, Дүниежүзілік азаматтық қорғаныс күні аясында 1 наурызда сағат 10:00–ден 13:00–ге дейін «Астана» алаңында өрт сөндіру, құтқару және басқа да арнайы құрал-жабдықтардың көрмесін өтеді.

— Алматылықтар қаланың авариялық-құтқару күштерінің мүмкіндіктерімен танысуға мүмкіндік алады, — деп хабарлады ТЖД.

Алаңда далалық госпиталь құрылып, медицина қызметкерлері манекендер арқылы ашық дене жарақаттары бойынша мастер-класс өткізбек. Сондай-ақ қала тұрғындары мен қонақтары үй бөлмесіне ұқсайтын жер сілкіністерінің симуляторы арқылы жасанды жер дүмпулерін сезіне алады.

— Демонстрациялық көрме азаматтық қорғау және қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылады, сондай-ақ қала тұрғындарын құтқару қызметтері мен құралымдардың мүмкіндіктерімен таныстыру үшін өткізіледі, — деп нақтылады департаменттен.

Еске салайық, бұған дейін Алматы көшелерінің бірі 4,5 айға жабылды.