Алматыда төрт түлік малды тегін вакцинациялау басталды

Фото: Ғайса Әбсатировтың жеке архивінен

АЛМАТЫ. KAZINFORM – Алматыда эпизоотиялық ахуалды тұрақты сақтау және тұрғындардың денсаулығын қорғау мақсатында жыл сайынғы ветеринариялық алдын алу және диагностикалық шаралар қолға алынды.

Алматы кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасына қарасты «Алматы ветеринариялық қызметі» мамандарының мәліметінше, 2026 жылдың алғашқы тоқсанына арналған жоспарға сәйкес төрт түлік мал аса қауіпті жұқпалы ауруларға қарсы егіледі.

Атап айтқанда, аусылға қарсы 1 760 бас ірі қара, 1 230 бас ұсақ мал және 120 бас шошқа вакцинациядан өтеді. Сібір жарасының алдын алу үшін 120 шошқа, 14 түйе және 26 бір тұяқты жануар егіледі. Сонымен қатар эмфизематозды карбункулға қарсы 1 120 бас ірі қара, ал нодулярлы дерматитке қарсы 1 420 бас ірі қараға вакцина салу көзделген.

– Жоспар аясында 1 000 бас ірі қара мен 14 түйеге туберкулезге қарсы аллергиялық тексеру жүргізіледі. Диагностикалық жұмыстар барысында 350 ірі қарадан, 150 ұсақ малдан және 200 жылқыдан бруцеллезге қарсы қан сынамалары алынады, - делінген хабарламада.

Эпизоотиялық шаралардың барлығы, оның ішінде вакцинация да, зертханалық тексерулер де мемлекеттік тапсырыс аясында жануар иелері үшін тегін жүргізіледі.

Жануарларды тексеру, төлді есепке қою, жеке тұтыну үшін есептен шығару, деректерді түзету және вакцинация мен диагностикалық шаралар туралы ақпаратты нақтылау үшін Tort Tulik мобильді қосымшасын жүктеу қажет.

Вакцинация және диагностикалық жұмыстар бойынша келесі аудандық ветеринариялық мамандарға хабарласуға болады:

• Алатау ауданы – +7 708 753 1783 (Еркін Арысбеков);

• Әуезов ауданы – +7 747 804 6740 (Сәбит Айтбаев);

• Бостандық ауданы – +7 708 832 8865 (Сәбит Мәткәрімов);

• Жетісу ауданы – +7 776 052 3563 (Сәрсенбек Үмбетаев);

• Медеу ауданы – +7 777 369 5976 (Сәбит Мыңжасаров);

• Наурызбай ауданы – +7 707 515 7707 (Марат Қалиев);

• Түрксіб ауданы – +7 707 386 0692 (Жомарт Кәрімов).

Еске салайық, бұған дейін Алатауда үй жануарлары азығын өндіретін жаңа зауыт ашылатынын хабарлағанбыз.