Алматыда Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы тағайындалды
17:14, 17 Шілде 2025
АЛМАТЫ. KAZINFORM – Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы болып Дамир Ермағамбетов тағайындалды.
Дамир Мақсұтұлы 1978 жылы 26 маусымда Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданы Федоровка ауылында дүниеге келген.
1998 жылы ҚР ІІМ Алматы жоғары техникалық училищесін, 2001 жылы ҚР ТЖМ Көкшетау техникалық институтын бітірген.
Ерлігі мен адалдығы үшін Дамир Мақсұтұлы II-ші және I-ші дәрежелі «Айбын» орденімен марапатталған. Алматы қаласына келгенге дейін ол Қостанай облысы ТЖД бастығының қызметін атқарды.
Еске салайық, бірнеше күн бұрын Нұрлан Атығаев Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің басшысы қызметінен босатылды.