Алматыда Арбаттың маңында түнде жиналып, өзара жанжалдасқан жастардың видеосы желіге шықты, деп хабарлайды Kazinform.
Видеодағы жазбада Арбаттың маңында бірнеше жасөспірімнің қыз үшін бір жігітті соққыға жыққаны жазылған. Сондай-ақ видеода олардың бірінің өзіне қол жұмсамақ болғаны туралы айтқаны естіледі.
Алматы қалалық полиция департаменті аталмыш оқиға бойынша Алмалы ауданының полиция басқармасы тексеріс бастағанын хабарлады.
«Аталған дерек бойынша полиция мен медициналық мекемелерге ешкім хабарласқан жоқ», - делінген полицияның хабарламасында.
Думан Арғынгелді
2008 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. «Қазақстан» ұлттық арнасының Алматы қалалық филиалында, «Аягөз жаңалықтары», «Алматы ақшамы» газеттерінде қызмет атқарды. Мақалалары республикалық, облыстық, аудандық газет беттерінде жарияланды. 2021 жылдан бері «KAZINFORM» ХАА-де жұмыс істейді.