Алматының Қоғамдық кеңістіктерді дамыту басқармасының мәліметінше, саябақты жаңғырту жұмыстары жалғасып жатыр. Құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілетін кезеңде саябақ аумағы келушілер үшін толықтай жабылады.
- Саябақта инженерлік және жүргіншілер жолы жаңартылып, аумақты кешенді көркейту мен көгалдандыру жұмыстары жүргізіледі. Жаңғырту кезінде қала тұрғындары мен қонақтары жақын орналасқан Flow Park демалыс орнында серуендей алады, - деп хабарлады басқармадан.
Алматы әкімдігі жұмыстардың аяқталу мерзімі мен саябақтың ашылатын күні туралы қосымша хабарлайды.
Еске салайық, бұған дейін Алматы-1 вокзалын жаңғырту жұмыстары қалай жүріп жатқанын жазғанбыз.