Алматыда жер сілкінді: құтқарушылар сейсмикалық оқу-жаттығу өткізді

Фото: Фото: Алматы қалалық ТЖД

АЛМАТЫ. KAZINFORM – Алматыда төтенше жағдай мамандары жойқын жер сілкінісі болған жағдайда қалай әрекет ету керектігін пысықтады.

Фото: Алматы қалалық ТЖД

Алматыда таңғы сағат 10:00-де қосылған дабыл шаһар тұрғындарын елең еткізді. Бұл құтқару қызметінің зілзалаға дайындығын пысықтау болатын. Жалпы қалалық оқу-жаттығу кезінде мектеп оқушылары сыртқа шығарылып, эвакуациялық нүктелердің мүмкіндігі тексерілді.

Фото: Алматы қалалық ТЖД

Қалады шартты түрде жер сілкінді. Жағдай күрделі. Өрт шығып, түрлі апаттар болды. Құтқарушылар жедел қимылдап, тұрғындарды қауіпсіз жерге шығару өртті сөндіру және адамдарды құтқару жұмыстарына кірісті.

Фото: Алматы қалалық ТЖД
Фото: Алматы қалалық ТЖД

Алматы гарнизонының әскери қызметшілері мүмкіндігі шектеулі адамдарды қауіпсіз орындарға эвакуациялады.

Фото: Алматы қалалық ТЖД
Фото: Алматы қалалық ТЖД

Құлагер шағынауданының көппәтерлі тұрғын үйінде өртті сөндіру бойынша авариялық-құтқару жұмыстары жүргізілді.

Фото: Алматы қалалық ТЖД

Орталық стадионда лагерь, далалық ас үй, сондай-ақ медициналық көмекке арналған модульдік медициналық госпиталь орналасты.

Фото: Алматы қалалық ТЖД

Алматы қалалық төтенше жағдайлар департаменті хабарлағандай, сейсмикалық оқу-жаттығудың негізгі мақсаты – қала тұрғындарының төтенше жағдай кезіндегі іс-қимылға дайындығын арттыру, тұрғындарды эвакуациялау жолдарын, қауіпсіз жерлерді алдын ала анықтап, апаттық чемодан дайындау болды.

Жаттығуға азаматтық қорғау қызметтерінің және Алматы гарнизонының әскерелерінің жеке құрамынан 1100 адам мен 60 техника тартылды.

Фото: Алматы қалалық ТЖД
Фото: Алматы қалалық ТЖД