Алматыда тұрғын үй арасында тікұшақ ұшып жүр – ТЖД жауап берді
15:51, 27 Маусым 2025
АЛМАТЫ. KAZINFORM – Алматыда тұрғын үйлерге жақын қашықтықта тікұшақ ұшып жүр.
Әлеуметтік желіде жарияланған бейнежазба алматылықтарды таңғалдырды.
Алматы қаласы ТЖД мәліметінше, «Орион» тұрғын үй кешенінің аумағында Төтенше жағдайлар департаментінің арнайы-тактикалық оқу-жаттығуларына дайындық жұмыстары жүргізіліп жатыр. 17 маусым күні басталған дайындық 30 маусымға дейін жалғасады.
– Бұл 1-шілде күні өтетін жоспарлы ауқымды тактикалық – оқу жаттығу өткізуге арналған дайындық іс-шаралары тұрғындардың қауіпсіздігін арттыру мақсатында ұйымдастырылып отыр, - деп хабарлады департаменттен.
Еске салайық, бұған дейін Алматыда терроризмге қарсы оқу-жаттығу өтті.