Оқиға кешкі уақытта жеке тұрғын үй секторында болған. «102» арнасына хабарласқан тұрғындардың айтуынша, бейтаныс азамат көшелерді аралап жүріп, есірткі жасырған орындарды іздеп жүргендей күдік тудырған.
Хабарлама бойынша оқиға орнына полицияның жедел экипажы жіберілді. Сол уақытқа дейін белсенділік танытқан жергілікті тұрғындардың бірі күдіктіні тоқтатып, құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне тапсырған.
Полиция тұрғындарды күмәнді жағдайлар мен заңсыз әрекеттерге тап болған жағдайда уақыт жоғалтпай құқық қорғау органдарына хабарлауға үндеді.
Еске салайық, бұған дейін Алматы облысында VIP-клиенттерге есірткі сатқан топ ұсталғанын жазған едік.