Іс-шараны Жетісу ауданы әкімінің аппараты прокуратура және полиция органдарымен бірлесіп ұйымдастырды.
Рейд барысында абаттандыру қағидаларын бұзғаны үшін Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 505-бабы бойынша 24 әкімшілік хаттама толтырылды. Сонымен қатар белгіленбеген орындарда сауда жасаған азаматтарға Кодекстің 204-бабы бойынша 15 әкімшілік хаттама рәсімделді.
Қала әкімдігінің мәліметінше, бұл жұмыстар қалалық ортаның тазалығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған «Заң мен тәртіп» қағидатын іске асыру аясында жүргізіліп жатыр.
Айта кетейік, бұған дейін тұрғындар «Байсат» және «Ялян» сауда орталықтарының маңында заңсыз сауданың көбейгеніне бірнеше рет шағымданған болатын. Олардың айтуынша, жол жиегіндегі бейберекет сауда көлік қозғалысына кедергі келтіріп, кептелістің артуына себеп болған.
Еске салайық, бұған дейін Қазақстанға 500 млн теңгенің вейпін заңсыз әкелмек болғандар ұсталғанын хабарлағанбыз.