Жобаның негізгі мақсаты – агрессия деңгейін төмендетуге бағытталған білікті психологиялық көмек көрсететін бірыңғай мамандандырылған орталық құру.
Прокуратураның мәліметінше, жоба аясында тұрмыстық зорлық-зомбылық жасаған адамдармен психокоррекциялық жұмыс жүргізуге мамандандырылған 30 психолог оқытылған.
«Бүгінде тұрмыстық зорлық-зомбылық агрессорларымен жұмыс жөніндегі жеке орталық құрылып, психологтар 18 адаммен психокоррекциялық жұмыс жүргізіп жатыр», – делінген хабарламада.
Мамандардың айтуынша, мұндай жұмыстар қауіпсіз отбасылық ортаны қалыптастыруға, қайталама құқық бұзушылықтардың алдын алуға және тұрмыстық зорлық-зомбылықтан зардап шеккендердің құқықтарын қорғауға ықпал етеді.
Жоба Бас прокуратураның Стратегиялық даму департаменті мен Алматы қаласы прокуратурасының үйлестіруімен іске асырылып жатыр.
Айта кетейік, Абай облысында тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қатысты 1300-ден аса дерек тіркелген.