Алматы қаласы полиция департаментінің мәліметінше, қаланың әртүрлі аудандарында орналасқан үш жоғары оқу орнында жарылғыш зат қойылғаны туралы хабарлама түскен. Сондықтан жедел әрекет ету шаралары аясында аталған нысандарға шұғыл қызметтер жіберілген.
- Ғимараттар мен оларға іргелес аумақтар қауіпсіздік талаптарын сақтай отырып, кешенді тексеруден өткізілді. Тексеру нәтижесінде жарылғыш зат қойылғаны туралы ақпарат расталмады. Қауіпті заттар табылған жоқ, - деп хабарлады департаменттен.
Еске салайық, бұған дейін Астанада бомба қойылды деп жалған ақпарат таратқан адам Украинада ұсталды.
Жыл басынан бері жалған ақпарат таратқан 60-қа жуық адам жауапқа тартылды.