Көлік полицейлері тексеру барысында 20 жастағы екі шетел азаматын анықтады. Олар ұшаққа отырғызу кезінде әуе кемесінің жанында темекі шеккен.
Құқық бұзушылардың әрқайсысына 15 АЕК (55 380 теңге) айыппұл салынды.
Дәл сол күні Алматы әуежайының көлік полицейлері де екі шетелдік құқық бұзушыны анықтады. 54 және 57 жастағы әйелдер «Алматы – Астана» бағытындағы әуе рейсімен ұшу кезінде дөрекілік танытып, жолаушылардың тыныштығын бұзған.
Құқық бұзушы әйелдерге қатысты ұсақ бұзақылық бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, материал шешім қабылдау үшін сотқа жолданды.