Алматыда үстел теннисінен халықаралық WTT Youth Contender турнирі басталды
АСТАНА. KAZINFORM – Бүгін, 23 шілдеде Алматыда үстел теннисінен халықаралық WTT Youth Contender турнирі басталды.
ҚР ҰОК мәліметінше, байрақты бәсекеге 16 ұлттық құраманың намысын қорғайтын 235 спортшы қатысып жатыр.
Қазақстан жасөспірімдер құрамасынан түрлі жас санаттарында 86 теннисші өнер көрсетеді.
Жүлделі орындар келесі санаттар бойынша сарапқа салынады:
1. 11 жасқа дейінгі ұлдар мен қыздар – жекелей сын;
2. 13 жасқа дейінгі ұлдар мен қыздар – жекелей сын;
3. 15 жасқа дейінгі жасөспірімдер мен қыздар – жекелей сын;
4. 17 жасқа дейінгі жасөспірімдер мен қыздар – жекелей сын;
5. 19 жасқа дейінгі жасөспірімдер мен қыздар – жекелей сын;
6. 15 жасқа дейінгі аралас жұптық сын;
7. 19 жасқа дейінгі аралас жұптық сын.
Турнирдің тікелей көрсетілімін Qazsport телеарнасынан көруге болады.
Айта кетейік, қазақстандық теннисші Елена Рыбакина ұлыбританиялық Эмма Радуканумен бірге жұптық сында Вашингтон (АҚШ) WTA 500 турнирін жеңіспен бастады.