Қазақстан үстел теннисі федерациясының хабарлауынша, спортшылар командалық, жеке, жұптық және аралас разрядта (микст) сынға түседі.
Қатысушылар арасында халықаралық дәрежедегі спорт шеберлері Кирилл Герасименко (Астана), Алан Құрманғалиев (Қарағанды облысы), Сарвиноз Миркадирова (Алматы), Айдос Кенжегұлов (Алматы), Зауреш Ақашева (Қарағанды облысы), Әнел Бақыт (Алматы), Ирисбек Артукметов (Шымкент) бар.
Сондай-ақ ел біріншілігінде ҚР ұлттық құрама командасының мүшелері, Әлем және Азия чемпионаттарының қатысушылары Санжар Жұбанов (Алматы), Искендер Харки (Жамбыл облысы), Ангелина Романовская (Павлодар облысы) сайысқа түседі.
Айта кетсек, 17-25 мамыр аралығында Қатарда өтетін үстел теннисінен әлем чемпионатына Кирилл Герасименко (жекелей сын), Сарвиноз Миркадирова мен Зауреш Акашева (жұптық сын) қатысады.