№4 қалалық клиникалық аурухананың дәрігерлері оның өмірі үшін екі апта бойы күресті, алайда науқасты құтқарып қала алмады.
Аурухананың баспасөз қызметі жәбірленушінің 27 маусымда ауруханаға өте ауыр жағдайда түскенін хабарлады. Жағдайының ауырлығына байланысты ол анестезиология, реанимация және қарқынды терапия бөлімдерінде емделді.
Дәрігерлер оның өмірін сақтап қалу үшін барлық мүмкін шараларды қолданып, тәулік бойы бақылауда болды.
– Диагностикалық және емдеу шараларының толық кешеніне қарамастан, науқастың жүрегі 14-ші күні тоқтап қалды. Реанимациялық шараларға қарамастан, биологиялық өлім тіркелді, - деп түсініктеме берді аурухана.
Аурухана ұжымы марқұмның отбасы мен достарына көңіл айтты.
Оқиға 27 маусымда сағат 15:00 шамасында болған еді. Қыз отбасымен бірге Баум тоғайы арқылы серуендеп жүргенде, кенеттен үлкен қураған ағаш оның үстіне құлаған. Содан қыз ауыр жарақат алды. Бас сүйегі жаншылып, сан сүйегі сынған, аяқтың ашық сынығы және басқа да көптеген жарақат алды.
Алматы әкімдігі бұған дейін оқиға бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғанын, оның барысында оқиғаға құқықтық баға берілетінін хабарлаған болатын. Қала әкімшілігі сонымен қатар Баум тоғайында ағаштардың құлау қаупі туралы ескерту белгілері орнатылғанын атап өтті.