Алматыда үй жануарларын тегін зарарсыздандыру бағдарламасы басталды

Фото: Фото: Алматы әкімдігі

АЛМАТЫ. KAZINFORM – Алматы қаласында қаңғыбас жануарлардың санын реттеуге арналған бағдарлама осы жылдың соңына дейін жалғасады. 

Иттер мен мысықтарды зарарсыздандырудың жас шектеуі 7 айдан 9 жасқа дейін, төбет иттер мен ер мысықтарды зарарсыздандырудың жас шектеуі – 6 айдан 9 жасқа дейін.

Тегін зарарсыздандыру және кастрацияны жүзеге асыратын ветеринарлық клиникалардың мекенжайлары мен телефондары:

«Mastino» – Есенберлин көшесі, 217; 8 (700) 327-44-89 whatsapp бойынша жазылу қажет.

«Айболит» – Абай даңғылы, 26; 8 (708) 972‒02‒07

«Allvet» – Төле би көшесі, 279Б 8 (747) 438 38 87

«Vet elite» – Кудерин көшесі, 6; 8 (700) 776 62 50, 8 (708) 653 32 57 whatsapp нөмірі бойынша жазылу қажет.

«Барыс» – Райымбек даңғылы, 223Б 8 (707) 123 49 00

«Dog Premium» – Грибоедов көшесі, 105 8 (727) 339 33 28

«Банзай» – Сейдімбек көшесі, 26 8 (707) 523 73 73

Бағдарламаға ветеринариялық паспорты және бірыңғай есепке алу базасына енгізу үшін микрочипі бар жануарлар қатыса алады. Микрочип пен төлқұжат болмаған жағдайда оларды аталған клиникалардың кез келгенінен қосымша ақыға сатып алуға болады.

Еске салайық, биыл Алматыда қаңғыбас жануарларды аулауға 580 млн теңге бөлінді.