Жазбаша өтінішті туыстары арқылы да жолдауға болады.
Сайлау комиссиясының мүшелері дауыс берушінің тұрған жеріне жылжымалы дауыс беру жәшігімен барады.
Бюллетень алу үшін жеке басын куәландыратын құжатты көрсету және өтінішке қол қою қажет.
Үйден дауыс беруді ұйымдастыру кезінде дауыс беру құпиясы қамтамасыз етіледі.
Қосымша ақпаратты 109 бірыңғай нөмірі арқылы алуға болады.
Алматыда барлығы 670 сайлау учаскесі жұмыс істеп тұр. Дауыс беру сағат 20:00-ге дейін жалғасады.
Еске салайық, бүгін Қазақстанда барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауы өтіп жатыр.