Алматыда із-түссіз жоғалып кеткен белгілі боксшы Серік Нұрқазов табылды
10:14, 26 Желтоқсан 2023
Алматыда жоғалып кеткен 64 жастағы спортшы Серік Нұрқазов аман-есен табылды, деп хабарлайды Kazinform.
«1959 жылы туған С.Нұрқазов аман-есен табылып, туыстарына тапсырылды. Бұрын хабарланғандай, із-түзсіз жоғалған азаматтың мекен-жайын анықтау үшін арнайы іздеу тобы құрылған еді», - деп хабарлады Алматы қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Спортшының қайда жүргені туралы айтылмаған.
Бұған дейін белгілі боксшы 14 желтоқсанда үйінен белгісіз бағытқа шығып, қайта оралмағаны туралы жазған болатынбыз.