Қала құрылысын бақылау басқармасының мәліметінше, бұған дейін Төле би көшесі, 293/1 мекенжайында ортақ пайдаланылатын аумақта заңсыз нысан анықталған. Онда қоғамдық тамақтану қызметі көрсетілген.
— Тексеру барысында құрылыс заң талаптарына сәйкес келмейтіні белгілі болғаннан кейін Қала құрылысын бақылау басқармасы инспекторлары нысан иесіне түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, құрылысты қолданыстағы нормаларға сәйкестендіру қажеттігін жеткізді, — делінген хабарламада.
Меншік иесі заңсыз нысанды өз еркімен бұзу туралы шешім қабылдады.
Қала құрылысын бақылау басқармасы азаматтарды құрылыс жұмыстарын бастамас бұрын барлық қажетті рұқсат құжаттарын рәсімдеуге және қала құрылысы талаптарын қатаң сақтауға үндеді.
Еске салайық, бұған дейін Алматыдағы Қажымұқан көшесі, 34 мекенжайында орналасқан азық-түлік дүкеніне қосымша салынған нысан бұзылғанын хабарлаған едік.