Прокуратураның мәліметінше, қалдықтарды басқару бойынша экологиялық талаптарды бұзғаны үшін Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 344-бабы 3 және 5-бөліктері бойынша Медеу және Түрксіб аудандары әкімдерінің орынбасарлары, сондай-ақ Алатау ауданы әкімі аппаратының басшысы әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
- «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» заң талаптарына сәйкес аудан әкімдеріне абаттандыру жұмыстарын ұйымдастыру міндеті жүктелген. Қабылданған шаралар арқылы әкімдіктер, анықталған қоқыс тастайтын жерлерді жою жұмыстарын жүргізді. Қалада экологиялық тәртіптің сақталуын бақылау жалғасады, - деп хабарлады прокуратурадан.
Еске салайық, бұған дейін Алматы әкімінің орынбасарына айыппұл салынғанын жазғанбыз.