«9 шетел азаматының көші-қон заңнамасының талаптарын бұза отырып, еңбек қызметін жүзеге асырғаны белгілі болды. Атап айтқанда, курьерлік платформалардың бірінде олар қазақстандық болып тіркеліп, тауарларды жеткізуге тапсырыстар алған. Сонымен қатар тексеру барысында жоғарыда аталған азаматтардың өздерімен бірге жеке басын куәландыратын құжаттары болмағаны анықталды. «Қылмыстың алдын алу туралы» Заңның 29-бабының ережелеріне сәйкес, шетелдік құқық бұзушылар қабылдап-тарату орнына орналастырылады. Олардың әрқайсысының кім екенін анықтау және одан әрі жауапқа тарту жұмыстары жүргізілуде», - деді Алматы қаласы Полиция департаментінің Көші-қон қызметі басқармасы бастығының орынбасары, полиция полковнигі Геннадий Мен.
Айта кетейік, бұған дейін Алматыда заңсыз жұмыс істеген 27 шетелдік ұсталғанын жазғанбыз.
Одан бұрын мегаполисте заңсыз жүрген Африка азаматтары депортацияланған еді.
Сондай-ақ Көші-қон қызметі Алматыда жезөкшелікпен айланысқан 7 шетелдікті ұстады.