Ведомство мәліметінше, жоспардан тыс жүргізілген тексеру барысында меншік иесінің (жеке тұлға) еш рұқсат құжаттарынсыз, нысанды заңсыз салғаны нықталды. Меншік иесіне қатысты әкімшілік шаралар қабылданды және бұзушылықтарды жоюға нұсқама берілді.
— Алматының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты 2024 жылғы 22 қарашада нысанды бұзу жөнінде шешім шығарған еді. Кейін ұзаққа созылған сот талқылаулары болды. Алматы қалалық сотының 2025 жылғы 2 маусымдағы қаулысымен бірінші сатыдағы нысанды бұзу жөніндегі шешім өзгеріссіз қалды, — делінген хабарламада.
Нысан бүгін сот орындаушыларының қатысуымен сүріліп жатыр.
Осыған дейін Алматының тау бөктерінде заңсыз құрылыс нысаны сүріліп жатқанын жазған едік.