Басқарманың мәліметінше, бұған дейін жүргізілген жоспардан тыс тексеру барысында меншік иесінің рұқсатсыз өз бетінше қосымша құрылыс салып, оны жазғы дәмхана ретінде пайдаланғаны анықталған.
— Кейін меншік иесіне анықталған заңбұзушылықтарды жою үшін құрылысты бұзу жөнінде нұсқама берілді, - делінген хабарламада.
Бүгінде меншік иесі нұсқама талаптарын орындау мақсатында нысанды ерікті түрде бұзды.
Еске салайық, бұған дейін Алматыда Гоголь көшесі, 173 мекенжайында орналасқан заңсыз «Береке» базары бұзылғанын хабарлағанбыз.
Меншік иесі базардың сауда орындарын рұқсатсыз салған.