Алматыда заңсыз салынған тағы бір ғимарат бұзылды

Фото: Фото: Алматы әкімдігі

АЛМАТЫ. KAZINFORM — Алматыда Қайрат шағынауданы Дәулеткерей көшесі, 61-үй мекенжайында ірі күрделі құрылыс бұзылды. Меншік иесі нысанды рұқсатсыз салған.

Фото: Алматы әкімдігі

Алматының қала құрылысын бақылау басқармасының мәліметінше, жоспардан тыс тексеру нәтижесі бойынша басқарма меншік иесіне қатысты құрылыс-монтаж жұмысын тоқтата тұруға және учаскені бастапқы қалпына келтіруге нұсқама берген.

Алайда, меншік иесі талапты орындамады, осыған байланысты іс сотқа жолданды. 

Фото: Алматы әкімдігі

«2024 жылы 27 наурыз күні Түрксіб аудандық сотының шешімімен басқарманың талабы қанағаттандырылды. Сот шешімін орындау үшін меншік иесі нысанды өз еркімен бұзды», — деп хабарлады басқармадан. 

Айта кетейік, былтырдан бері қала бойынша 35 заңсыз нысан бұзылды.

Фото: Алматы әкімдігі

Оның ішінде бизнес орталықтар, мейрамханалар, қосалқы ғимараттар мен автосервистер, сондай-ақ «Мечта» және KHAN сияқты ірі тұрғын үй кешендері бар. 

Фото: Алматы әкімдігі