Алматыда заңсыз жарнама құрылымдары алып тасталды

АЛМАТЫ. KAZINFORM - Алматыда сыртқы жарнама нысандарын белгіленген талаптарға сәйкестендіру жұмыстары жалғасып жатыр.

Фото: Алматы әкімдігі

Алматы қаласы Сәулет және қала құрылысы басқармасының мәліметінше, сыртқы көрнекі жарнаманы орналастыру қағидаларына сәйкес келмейтін, заңсыз орнатылған құрылымдарға мониторинг жүргізіліп жатыр. Мұндай нысандардың иелеріне заң бұзушылықтарды жою қажеттігі туралы хабарлама жіберіледі.

Фото: Алматы әкімдігі

Белгіленген талаптар орындалмаған жағдайда жарнама құрылымдары алынып тасталады.

Фото: Алматы әкімдігі

- Қаланың сәулеттік келбетіне нұқсан келтіріп, көшелердің көркін бұзатын, сондай-ақ жүргіншілер мен көлік қозғалысының қауіпсіздігіне кедергі келтіретін нысандарға баса назар аударылады. Бұл бағыттағы жұмыс тұрақты түрде жүргізіліп келеді және алдағы уақытта да күшейтіледі», – деді басқарма өкілдері.

Фото: Алматы әкімдігі

Еске салсақ, Алматыда заңсыз салынған автокөлік жуу орны бұзылған еді.