Алматыда заңсыз жүрген Африка азаматтары депортацияланды

Фото: Алматы қаласының ПД

АЛМАТЫ. KAZINFORM - «Заңсыз» жедел-алдын алу іс-шарасы барысында Алматының көші-қон қызметі Африка құрлығының 3 азаматын мәжбүрлі түрде елден шығарып, Отанына қайтарған.

«Бұл шетелдіктер Қазақстанда болған кезінде халықтың көші-қоны саласындағы заңнаманы бұзған. Атап айтқанда, олар заңда белгіленген мерзімде Қазақстан Республикасының аумағынан шықпай, сот шешімімен мемлекетімізден шығару түріндегі әкімшілік жазаға тартылды», - деді Алматы қаласы Полиция департаментінің Көші-қон қызметі басқарма бастығының орынбасары, полиция полковнигі Геннадий Мен.

Фото: Алматы қаласының ПД

Айта кетейік, бұған дейін Көші-қон қызметі «Стоп трафик» жедел алдын алу іс-шарасы барысында Алматыда жезөкшелікпен айланысқан 7 шетелдікті ұстанғанын жазғанбыз.

Сондай-ақ Ұлттық қауіпсіздік комитеті мегаполисте терроризмді насихаттады деген күдікпен 2 шетел азаматын ұстағанын жазған едік.