Алматыда іздеуде жүрген 13 қылмыскер ұсталды

АЛМАТЫ. KAZINFORM – «Құқықтық тәртіп» жедел-алдын алу іс-шарасы аясында тәртіп сақшылары «ізін суытпай» 122 қылмыстың, сондай-ақ бұрын жасалған 50 қылмыстың бетін ашты.

Фото: Kazinform

Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Серік Шумаевтың айтуынша, «Құқықтық тәртіп» шарасы басталғалы мегаполисте 3 610 әкімшілік құқық бұзушылық анықталып, жолы кесілді. Сондай-ақ іздеуде жүрген 13 қылмыскер ұсталды.

«Соның ішінде ұсақ бұзақылық, ішімдік ішу және қоғамдық орындарда мас боп жүру, мас күйінде көлік жүргізу, кәмелет жасқа толмағандардың кеш уақытта жүруі секілді қылмыстар тіркелді. Бұдан бөлек тәртіп сақшылары 122 қылмыстың бетін ашты», - деп атап өтті Алматы қалалық ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Серік Шумаев.

Еске салайық, Алматыда «Құқықтық тәртіп» жедел алдын алу іс-шарасы өтіп жатыр.