Алматыда зейнеткердің үйін тонаған ер адам бейнекамераға түсіп қалды

Фото: Видеодан скрин

АЛМАТЫ. KAZINFORM — Қылмыс түнде Жетісу ауданында жасалған.

Алматы қаласы Полиция департаментінің мәліметінше, 39 жастағы ер адам түнгі уақытта егде жастағы әйелдің үйіне кіріп, оның осал жағдайын пайдаланып, ақшасын тартып алған. Күдікті бейнекамералар арқылы қысқа мерзімде анықталып, ұсталған.

— Қазіргі уақытта ол уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, — деді Жетісу аудандық полиция басқармасының басшысы Жәнібек Шынасылов.

Еске салайық, бұған дейін Алматыда банк ғимаратына кіріп, ақша ұрламақ болған адам ұсталғанын жазғанбыз. Ол оқиға да Жетісу ауданында бірнеше күн бұрын болды.