Алматыда жалған мемлекеттік тіркеу нөмірлерін сатқан күдікті қолға түсті

АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстан бойынша жалған мемлекеттік тіркеу нөмірлерін сатқан заңсыз схеманың ұйымдастырушысы ұсталды.

Коллаж: Kazinform / informburo.kz

Бас көлік прокуратурасының үйлестіруімен Көліктегі полиция департаментінің қызметкерлері жалған мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілерін заңсыз дайындау және тарату схемасының жолын кесті. 

— Алматыда жүйелі түрде жалған мемлекеттік нөмірлерді дайындаумен және сатумен айналысқан заңсыз әрекеттің ұйымдастырушысы ұсталды. Тергеу мәліметтері бойынша, жалған нөмірлер Ресей Федерациясынан экспресс-жеткізу қызметі арқылы жеткізіліп, кейін Қазақстанның түрлі өңірлеріндегі тапсырыс берушілерге жіберіліп отырған, — делінген хабарламада.

Жедел-іздестіру шаралары барысында жалған мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісі және басқа да заттай дәлелдемелер тәркіленді. Қылмысқа қатысы бар басқа да тұлғаларды анықтау бойынша ары қарай тергеу және жедел-іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр.

Бас көлік прокуратурасы жалған мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілерін пайдалану қылмыстық жауаптылыққа әкеп соғатынын ескертеді. Мұндай құқық бұзу жол қозғалысы қауіпсіздігіне тікелей қатер төндіреді.

Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Айта кетелік мемлекеттік тіркеу нөмірі жоғалған жағдайда — оның телнұсқасын алғанға дейін көлік құралын басқаруға болмайтыны туралы жазған едік