Алматыда жаңа амбулатория мен жедел жәрдем станциясының құрылысы аяқталды

АЛМАТЫ. KAZINFORM – Алматының Түрксіб ауданында қараша айында отбасылық дәрігерлік амбулатория ашылады. Бұл туралы Алматы әкімі Ерболат Досаев  мәлім етті.

Фото: Алматы әкімдігі

Оның айтуынша, Нұршашқан шағын аудан тұрғындары үшін биыл бір ауысымда қуаты 100-ден асатын отбасылық-дәрігерлік амбулатория салынды. Қараша айында отбасылық дәрігерлік амбулатория ашылады. Сондай-ақ, осы жылдың шілде айында 10 бригадаға арналған №13 жедел медициналық жәрдем қосалқы станциясы іске қосылды. Бұл қаланың шығыс бөлігі үшін жедел жәрдемнің келуін күту уақытын қысқартуға мүмкіндік берді. 

Фото: Алматы әкімдігі

«Спорт инфрақұрылымын құру жұмыстары жалғасып жатыр. «Жас Қанат шағын ауданында а. ж. қазан айының соңына дейін күніне 600 адам қабылдайтын дене шынықтыру-сауықтыру кешенін ашу жоспаруда», - деді қала басшысы.

Айта кетейік, 2024 жылы Алматыда денсаулық сақтау инфрақұрылымын жаңғыртуды қаржыландыру 2,5 есеге 26,3 млрд теңгеге дейін ұлғайтылды.