Жол қозғалысы және жолаушылар көлігін ұйымдастыру басқармасының мәліметінше, бағытқа «Алматыэлектротранс» ЖШС қызмет көрсетеді. Күн сайын желіге Yutong маркалы 5 автобус шығады. Бұл — заманауи 9 метрлік автобустар. Автобустардың орташа қозғалыс аралығы шамамен 14 минут болады.
- Әр автобус 60 жолаушыға дейін тасымалдауға арналған, бұл қарбалас уақытта жолаушыларға тиімді қызмет көрсетуге мүмкіндік береді. Жылжымалы құрам жоғары жайлылығымен, кең сыйымдылығымен, бірқалыпты қозғалысымен ерекшеленеді және қауіпсіздік пен экологиялық талаптарға толық сәйкес келеді, - деп түсіндірді басқармадан.
№145 маршрут «Алматы-2» вокзалын Гагарин–Жандосов көшелерінің қиылысындағы аялдамамен байланыстырады. Қоғамдық көлік Райымбек батыр даңғылы, Абай даңғылы, Гагарин даңғылы және Әуезов көшесі секілді негізгі қалалық магистральдар арқылы өтеді. Бағыттың жалпы ұзындығы — 16,9 шақырым. Автобустар күн сайын сағат 06:00-ден 22:00-ге дейін қатынайды.
Еске салайық, кеше алматылық LRT астаналық жобадан несімен ерекшеленетінін жазғанбыз.