Алматыда жаңа кәріз коллекторы салынады

АЛМАТЫ. KAZINFORM – Алматының Алатау және Наурызбай аудандарының тұрғындарын орталықтандырылған сумен қамтамасыз ету үшін ұзындығы 34 шақырым батыс коллекторы салынады.

Фото: Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі

Қалалық энергетика және сумен жабдықтау басқармасы мәлім еткендей, қаланың 8 шағын ауданында кәріз коллекторы жоқ. 2017-2023 жылдары салынған 122,3 км кәріз желісі істен шыққан.

Фото: Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі

«Бұл мәселені шешу үшін батыс коллекторының құрылысы бойынша жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу басталды, ол Алматының Наурызбай және Алатау аудандарының 130 мың тұрғынына, сондай-ақ Алматы облысының Қарасай ауданының 20 мың тұрғынына орталықтандырылған кәріз жүйесіне қосылуға мүмкіндік береді», – деп хабарлады басқармадан.

Құрылыс-монтаж жұмыстары қараша айында басталып, 2026 жылдың қарашасында аяқталады.