Алматыда «Жаңа Қазақстан. Таза табиғат» атты қалалық сенбілік өтеді

Алматыда қалалық мәслихат пен экологиялық бірлестіктердің бастамасымен 21 қазанда «Жаңа Қазақстан. Таза табиғат» атты қалалық сенбілік өтеді, деп хабарлайды Kazinform.

Фото: Астана әкімдігі

Алматы әкімдігінің мәліметінше, сенбілік аясында қала, демалыс аумақтары, саябақтар, скверлер мен аулаларда тазалық жұмыстары жүріп, ағаш отырғызу жоспарланған (оған 10 мыңға жуық түп ағаш әзірленді).

«Алматы әкімдігі көшеттерді және егуге арналған жабдықтарды (қолғаптар, қаптар, күрек, тырмалар) ұсынып, қатысушыларды сумен қамтамасыз етеді, жиналған қоқысты полигонға шығарады. Іс-шара өтетін барлық аумақта концерт пен 15 минуттық жаттығу мәдени ойын-сауық бағдарламалары қарастырылған», - делінеді әкімдіктің хабарламасында.

Сенбілік өтетін негізгі орындар:

1. «Көк-төбе» баурайында (Шығыс айналма авто жолы жақта),
2. Алматы индустриялық аймағы мен «Батыс» зиратының санитарлық-қорғау аймағы арасындағы учаске,
3. «ALA» саябағы,
4. «Көк Қайнар» шағын ауданы (Боралдай өзенінің жағасында).

Сондай-ақ коммуналдық қызметтердің қатысуымен жергілікті сенбіліктер әр ауданда өтеді:

Түрксіб ауданы:
1. Баум тоғайы, Үлкен Алматы каналы бойы (Сүйінбай даңғылынан Сейфуллин даңғылына дейін),
2. «Жас Қанат» шағын ауданы (1/33 үйдің алдында), дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің жанында.

Жетісу ауданы:
1. «Айнабұлақ-4» шағын ауданы (190 үйдің алдында).

Медеу ауданы:
1. «Көк-төбе» баурайы.

Алмалы ауданы:
1. Сайран көлінің шығыс жағалауы.

Әуезов ауданы:
1. Сайран көлінің батыс жағалауы.

Алатау ауданы:
1. Боралдай өзенінің жағасы, «Көкқайнар» шағын ауданы.
Бостандық ауданы:
1. «Достық» саябағы (Тимирязев - Шашкин көшелерінің қиылысы).
Наурызбай ауданы:
1. «Шұғыла» шағын ауданы, Абай даңғылының оңтүстігі мен Алатау көшесінің шығысындағы бос учаске.