Спикердің сөзінше, жасалған қылмыстың басым бөлігі мүліктік және тұрмыстық сипатта болды. Оның ішінде 42 қылмыс «ізі суымай» ашылды. Сонымен қатар, мереке күндері 200-ден астам әкімшілік құқық бұзушылық анықталып, жолы кесілді.
— Мереке күндері қызметтер мен бөлімшелердің жеке құрамы күшейтілген қызмет режимінде жұмыс істеді. Патрульдік полиция нарядтарының саны ұлғайтылды, жаяу патрульдеу маршруттары әзірленді, сондай — ақ құқықтық тәртіпті қорғау үшін Ұлттық ұланның 300 әскери қызметшісі тартылды, — деп атап өтті С.Әзірбек.
Айтуынша, азаматтар көп жиналатын және мерекелік іс-шаралар өткізілетін орындарға ерекше назар аударылды.
—Қала жолдарында 26 мас жүргізуші ұсталып, көлік айдаудан шеттетілді, бұл қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі негізгі шаралардың біріне айналды,— деді полиция өкілі.
Осыған дейін Алматыда мереке күндері қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету үшін 3 мыңнан астам полиция қызметкері жұмылдырылғаны туралы жазған едік.