Алматыда Жаңа жыл түні қалай өтті - полиция деректері

Фото: Polisia.kz

АЛМАТЫ. KAZINFORM - Алматы полициясы Жаңа жыл түнінде болған оқиғалар жөніндегі мәлметтерді жариялады.

Polisia.kz таратқан деректерге қарағанда, қаладағы азаматтар көп жиналатын орындар мен мәдени-ойын-сауық шаралары өтетін жерлер ерекше бақылауға алынды.

Соңғы тәулікте қалада 3 мүліктік қылмыс жасалды. Оларды патрульдік полицейлер «ізін суытпай» анықтады.

Сондай-ақ, Алматы жолдарында полицейлер 5 мас жүргізушіні ұстап, олардың көлік жүргізу құқығын шектеді.

Жаңа жыл қарсаңында полиция қызметкерлері күшейтілген қызмет режиміне көшкенін хабарлаған едік.

Қалада патрульдік экипаждардың саны ұлғайтылып, қызмет көрсету маршруттары күшейтілді, жаяу патрульдік қызметке Ұлттық ұланның 300 әскері тартылды.